17
наурыз
2023
🔰 «NAURYZ PARTY» МЕРЕКЕСІ

🔆 Наурыз мерекесіне арналған тәрбиелік іс-шаралар жоспарына сай 8-10-сынып оқушыларына мерекелік шара ұйымдастырылды.
🔆 Ата-аналар мен мектеп педагогикалық ұжымының қолдауымен өткізілген Наурыз-думан мақсаты- өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттау, қазақ халқының бірегей салт-дәстүрлерін дәріптеу, ұжымшылдық пен татулыққа баулу.
🔆 Іс-шараға белсене қатысқан оқушылар ұлттық тағамдардан дастарқан жасап, қазақ әндері, билері мен күйлерін көрермен назарына ұсынып, ұлттық ойын түрлерінен жарысқа да түсті.
🔆 Көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлаған іс-шараға 18 сыныптан 400-ден аса оқушы мен 42 ата-ана және мектеп ұстаздары қатысты.