Адал ұрпақ клубының 2019-2020 оқу жылына арналған кешенді жұмыс жоспары » СШ №33
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 578-705
Есепші бөлімі:
+7(7262) 578-817
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Адал ұрпақ клубының 2019-2020 оқу жылына арналған кешенді жұмыс жоспары
28
тамыз
2019

Адал ұрпақ клубының 2019-2020 оқу жылына арналған кешенді жұмыс жоспары

  «Адал Ұрпақ» рухани, моральдық және азаматтық-патриоттық тәрбие жағдайында1. Жалпы ережелері
Осы мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,  рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру бағдарламасы (бұдан әрі Бағдарлама) тәрбиенің   Концептуалдық негіздеріне, мектеп ортасында жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін,  рухани-адамгершілік және азаматтық –патриоттықтық тәрбие  құрамында қалыптастыру Бағдарламасына сәйкес әзірленіп, жемқорлыққа қарсы бағыттағы іс шараларын қамтыған тәрбие жұмысын жүргізу ретін анықтайды.
2.Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттері
2.Осы Бағдарламаның мақсаты жоғары адамгершілікті, жауапты, талапты және әлеуметті білікті азамат пен патриот қалыптастырып дамыту.
3. Нұсқалған мақсаттарға жету үшін  келесі міндеттер қойылады:
1) рухани-игіліктілік пен азаматтық- патриоттықты  тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асыру;
2) білім алушылардың мемлекеттік үкімет  институттарына  сенімін арттыру;
3) білім алушылардың саяси-құқықтық білімін қалыптастыру;
4) білім алушылардың жемқорлыққа қарсы сипаттыигілікті-әдептік құндылықтарын  қалыатастыру.
4.Кешенді ісшараларды өткізу үшін келесі тәрбие түрлері пайдаланылады:
1) адамгершілік тәрбиесі моральдық-әдептілікті, әр оқушының жемқорлыққа шыдамсыздығын қалыптастыруға бағытталған;
2) әлеуметтік-құқықтық тәрбие азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынастың мәні туралы түсінік алуға, құқықтары мен міндеттеріне, құқықтық нормаларды сақтау қажеттігіне көз жеткізуге, жемқорлықтың  қоғам үшін қауіптілігін түсінуіне  бағытталған;
3) эстетикалық тәрбие мектеп оқушыларының эстетикалық ұнатынымы мен қоршаған болмысқа тілектестік және отан сүйгіштік қатынас қалыптастыруға жағдай жасайтын өнер туындыларының, әдебиеттің көркемдігін түсінушілігін дамытуға бағытталған.
3.Тәрбие жұмысын ұйымдастыру
5. Тәрбие жұмысын ұйымдастыру жалпы білім беретін бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу ұйымдарында (бұдан әрі - жалпы білім беретін мектептер) жүзеге асырылады.
6. Тәрбие жұмысына басшылық жасау жалпы білім беретін мектептің басшылығы мен сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкерлерге жүктеледі.
7. Жалпы білім беретін мектептерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайтуға, оның ішінде мектеп оқушыларының заң талаптарын сақтауға ынтасын қалыптастыруға, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар кешені өткізіледі.
8. Жалпы білім беретін мектептерде тәрбие жұмысын ұйымдастыруға жәрдемдесетін және қатысатан «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары құрылады.
9. Тәрбие жұмысының ұйымдастырушылық негізі:
1) жалпы білім беретін мектептің тәрбие жұмысының тиісті оқу жылына арналған кешенді жоспары;
2) сыныпқа жетекшілік ететін педагогикалық қызметкердің тәрбие жұмыс жоспары;
3) «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары
болып табылады.
10. Осы бағдарламаның 9-тармағында көрсетілген жоспарлар Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес  қалыптастырылады (қоса тіркелген).
11. Жоспарларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тәрбие жұмыстың,  күнтізбелік іс-шаралар өткізудің,  қоғамдық ұйымдармен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдармен   өзара әрекеттестіктің негізгі бағыттары көрсетілген.
12. Тәрбие жұмысын жүргізуде азаматтар,  қамқоршылық кеңестер, ата-аналар комитеттері, қоғамдық бірлестіктер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар қатыса алады.
 
4. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары
 
13. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының негізгі міндеттері мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту бойынша бастамаларды көтермелеу,  сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы іс-шараларды ұйымдастыру болып табылады.
14. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
15. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясы дәрістерді, «дөңгелек үстелдерді» және басқа да ағартушылық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық секциясы үздік бейнероликтер, суреттер, шығармалар  байқаулары мен іс-шараларын  ұйымдастыруға қатысады.
17. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар секциясы акциялар, флэш-мобтарды, диалог алаңдар, қоғамдық, ардагерлер ұйымдарының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен кездесулер және басқа да әлеуметтік-маңызды іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
2019-2020 оқу жылына "Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубының жұмыс жоспары
 
Іс-шараСыныпМерзім   
1Балаллардың өзін-өзі басқаруының бірыңғай жиыны
1.Мектеп клубының жұмысын ұйымдастыру
"Адал Ұрпақ»
2.2019-2020 оқу жылына жұмыс ережесі мен жоспарын бекіту
5-10 сынып5-6 қыркүйек
2«Парасатты азамат» мектеп бұрышын жасау
Көрнекілік құралдарын құрастыру (буклеттер, брошюралар, суреттер).
5-10сыныпай бойы
3«Құқықбұзушылыққа төзбеу» акциясы5-10сынып12-13 қыркүйек
4 «Қоғамдық тәртіп негіздері» дисскуссиялық практикумы9 сынып19-20 қазан
5Елдің таңдау құқығы принциптеріне сәйкес «Сынып басшысын таңдау» сюжеттік -рөлдік ойын2 сынып5 қазан
6Елдің таңдау құқығы принциптеріне сәйкес «Сынып басшысын таңдау» сюжеттік -рөлдік ойын3 сынып6 қазан
7«Мемлекеттік қызмет – өмірлік ұстаным» тақырыбында мемлекеттік қызмет ардагерлерімен,мемлекеттік қызметшілермен кездесу5-8 сынып12-13 қазан
8«Біздің таңдауымыз - құқықтық мемлекет» дөңгелек үстелі9-е сынып19-20 қазан
9Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі" сурет сайысы2-4сынып6-10 қараша
10Оқушылар арасында «Адал және сатылмайтын еңбек үлгісі" сурет сайысы5-6 сынып13-17 қараша
11«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері" зияткерлік ойыны7-8 сынып1 желтоқсан
12 «Мемлекеттік қызметті алу» іскерлік ойыны6-7 сынып13-14 желтоқсан
13"Жемқорлық құқықбұзушылығының картасы" жобалар  жарысының ережесін құрастыру7-10 сынып9-12 қаңтар
14"Жемқорлық құқықбұзушылығының картасы" жобалар  жарысы7-10 сынып19 қаңтар
15«Парасатты азамат» бұрышын жаңарту7-10 сынып5-9 ақпан
16«Қайырымдылық жаса» театрлық қойылымы. Ұят, адалдық, бірлік, мейірімділік, қайырымдылық, шынайылық, адалдық насихатталатын сценарий құрастыру.1-4 сынып16-17 ақпан
17«Жемқорлық жол жоқ!» зияткерлік ойыны9- сынып2-3 наурыз
18«Мемлекеттік қызмет - елдің мүддесіне адал еңбек» эссе жарысы5-8 сынып13-17 наурыз
19«Біз жемқорлыққа қарсымыз!» жалпы мектептік флешмоб5-8 сынып12 -13 сәуір
20"Ашық және есеп беруге міндетті" бейнероликтер жарысы9 -10 сынып16-19 сәуір
21«Адал Ұрпақ» мектеп клубының шығармашылық есебі1-10 сынып18 мамыр
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив