«Қамқорлық» қайырымдылық акцияcы өткізілді
М.Әуезов атындағы №33 орта мектебінде 10.01. – 10.02.2019 ж «Қамқорлық» қайырымдылық акцияcы өткізілді
Акцияның мақсаты:күнкөрісі төмен, көп балалы және тұрмысы төмен отбасынан шыққан балаларға, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету. Әлеуметтік себептер бойынша сабақтарға балалардың келмеуінің алдын алу.
2019 жыл 10 қаңтар мен 10 ақпан аралығында М.Әуезов атындағы
№33 орта мектебінде «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы жүргізілді. Осы акция барысында мектепішілік бұйрық шығарылып, жоспар құрылып, акция бұрышы жасалды.
Жоспар бойынша мектеп ұжымына «Қамқорлық» қайырымдылық акциясының басталғаны жарияланды. Мұқтаждықтарын анықтау және көмек көрсету мақсатымен жетім, жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген отбасы,
көпбалалы отбасылардың үйлеріне барып, актілері толтырылды.