«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылымминистріміндетін атқарушының2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы » СШ №33
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қаласының білім бөлімінің
«№33 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 578-705
Есепші бөлімі:
+7(7262) 578-817
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылымминистріміндетін атқарушының2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
27
желтоқсан
2018

«Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы Білім және ғылымминистріміндетін атқарушының2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы


«Білім беру қызметінде білім беру

ұйымдары пайдаланатын қатаң

есептегі құжаттардың нысандарын

бекіту туралы» ҚазақстанРеспубликасы 

Білім және ғылымминистріміндетін 

атқарушының2007 жылғы 23 қазандағы

№ 502 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы



БҰЙЫРАМЫН:

1. «Білім беру қызметінде білім беру ұйымдары пайдаланатын қатаң

есептегі құжаттардың нысандарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 23 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4991 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

«1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысаны бекітілсін.»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаңесептіліктегі құжаттардың нысанындағы мына нысандар:

бұйрықтарды тіркеу кітабыосы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

орта білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі хаттамаларының кітабы осы бұйрыққа2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің жеке құрамын есепке алу кітабы осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;

білім алушыларды жазатын алфавиттік кітап осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

№ жеке іс қағазы осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

1-4-сыныптарға арналғансынып журналы осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

5-11 (12)-сыныптарға арналған сынып журналы осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

факультативтік сабақтардың журналы осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

босатылған және ауыстырылған сабақтарды есепке алу журналы осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

мектепалды сыныптарының журналы осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

білім алушылардың үлгерімі туралы табельдерді есепке алу кітабын осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

1-4 сынып білім алушысыныңсабақ үлгерімі туралы табель осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

5-11 (12) сынып білім алушысының сабақ үлгерімі туралы табель осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

негізгі орта мектепті бітіргендігі туралы куәлікті беру және есепке алу кітабы осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

жалпы орта білім туралы аттестатты есепке алу және беру кітабы осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

мақтау грамоталарын және мақтау қағаздарын беруді есепке алу кітабы осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

кеткен білім алушыларды есепке алу кітабы осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

келген білім алушыларды есепке алу кітабы 18-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;

3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіндемемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне осытармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі                                             Е. Сағадиев



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив